Жүрдек пойыздардарға арналған жеңілдіктер

«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздары 2016 жылдың 10 қыркүйегінен бастап төмендегі бағыттарда қатынайтын пойыздарға «Турист», «Бизнес» және «Гранд» вагондары бойынша 40%-ға дейін қосымша жеңілдіктер енгізіледі.

Дереккөз: temirzholy.kz
0
дисконтты карта тальго
Пойыздар Вагондар бойынша косымша жеңілдіктер
«Турист» «Бизнес» «Гранд»
1 №19/20 «Астана — Атырау» 20 40 40
2 №49/50 «Алматы-2 — Актөбе» 30 40 40
3 №89/90 «Астана — Кызылорда» 20 20
4 №69/70 «Алматы-2 — Защита» 20 30 30
5 №77/78 «Алматы-2 — Атырау» 20
6 №79/80 «Астана — Шымкент» 20 20
7 №1/2 «Алматы-2 — Астана» 20 20
8 №701/702 «Алматы-2 — Петропавловск» 20 20
9 №67/68 «Астана — Защита» 20 20
10 №87/88 «Астана — Актөбе» 20 40 40

Аталған пойыздарға тарифті икемді реттеу бағдарламасы енгізілген. Яғни билетті неғұрлым еретерек сатып алсаңыз, ол соғұрлым арзанға түседі. Мәселен, алдын ала қам жасасаңыз билетті 35 пайызға дейін арзанға алуға болады. (Пойыздың жүретін күні жақындаған сайын билет құны да өсе түспек).

Демек, жаңа жеңілдіктерді есептегенде жолаушы билетті алдын ала алса 60 пайызға дейінгі жеңілдікке қол жеткізеді.

Сонымен қатар, бұдан бұрын енгізілген жолаушылардың төмендегі топтарына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:

  1. «Кұрмет» – 60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%;
  2. «Жастар» – 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%;
  3. «Саяхатшы» – тұрақты жолаушылар үшін 10% до 20%.
  4. «Ардагер» – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері үшін 99%;
  5. «Ардагер+» – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін 50%;
  6. «Қамқор» – мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін 50%;
  7. «Ардақты ана» – «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлері үшін 30%.

Аталған дисконтты карталарды теміржол вокзалдарынан алуға болады.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8(7172)600-249, 8(7172)600-178 немесе бірыңғай анықтама қызметі 105.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz