Шымкентте айтыскер ақындар орталығы ашылды

Шымкенттегі «Түркістан» салтанат сарайының жанынан айтыскер ақындар орталығы ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Дереккөз: Bnews.kz
0
Айтыскер ақындар орталығы Шымкент
ФОТО: ontustik.gov.kz

Орталықтың жұмысын бастауына орай, республикаға танымал оңтүстіктің беткеұстар ақындары Біржан Байтуов, Бекмұрат Анарбай, Нұрлан Есенқұлов, Қажымұхан Абзалов және өзге де өнер иелері дөңгелек үстелде бас қосты.

Ақындар – Қажымұхан Абзалов пен Біржан Байтуов аптаның әр сейсенбі күні осы орталықта кездесіп, жұмыс атқаратындарын мәлімдеді. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Түркістан» сарайында ақындар айтысын ұйымдастыруды және сол айтысқа ақындар орталығында дайындық жұмыстарын жүргізетінін айтты.

Ақындық өнердің ұмыт бола бастаған түрлерін жандандырып, жас ақындарды анықтау, олардың өлеңдерін насихаттау және шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ашылған орталықтың алдағы міндеттері жайлы сөз бастаған «Түркістан» сарайының директоры К.Айдарбекова жас ақындардың сөз саптауын, әдебиетіміз бен тарихымызды терең зерттеп, ел алдында ашық ойын айта білетін деңгейге жеткізу қажеттігін түсіндірді.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz