Ақтауда акватакси пайда болады

Келесі жылы Каспий жағасында су көлігі қызметі пайда болады. Бұл туралы Ақтау қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жетекшісі Жанна Тоқбаева хабарлады.

Дереккөз: BAQ.kz
0
акватакси

Ж.Тоқбаеваның айтуынша, «Акватакси» жобасы туризмді дамыту бағдарламасы аясында жасалды. Ол жолаушыларды 1 шағын аудан мен 15 шағын аудан аралығында тасымалдау қызметін атқарады. Келер жылдың жазында Ақтау тұрғындары мен қала қонақтары жаңа қызметті пайдалана алады.

Шамамен, бір жолаушының жол жүру ақысы 1 000 теңге болуы мүмкін. Бұл қызметті Ақтауға енгізу үшін, Ж.Тоқбаеваның хабарлауынша, 100 миллион теңге бөлінген. Жалпы туризмді дамыту саласында тоғыз жоба мақұлданған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz