Еврокомиссия Air Astana әуе компаниясын «қара тізімнен» шығарды

Еврокомиссия қазақстандық Air Astana әуе компаниясын қауіпті әуе тасымалдаушылар «қара тізімінен» шығарды. Бұл туралы ЕК хабарламасында айтылды, деп хабарлайды interfax.kz. Дереккөз: interfax.kz

0
air astana Эйр Астана

Еуропалық комиссия бейсенбі күні әуе тасымалдарының қауіпсіздігі бойынша тізімді қайта жаңартты. Бұл тізімге Еуроодаққа ұшуға тыйым салынған әуе компаниялар кіреді.

«Біз Air Astana-ның алты жылдық қызметінен кейін шектелген компаниялардың тізімінен шығарылғанына куаныштымыз», — деді Еурокомиссия мүшесі Виолета Булц.

«Дегенмен ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін Қазақстанның басқа әуе кемелері тізімде қалды. Сондай-ақ, тізімге ирактық Iraqi Airways әуе компаниясы енгізілді», — деп атап өтті ол.

ЕО азаматтарының қауіпсіздігі үшін жаңаланған тізім 11 қарашада жарияланады. Тізімге 20 мемлекеттің 228 әуе компаниясы енгізілген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу