Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы 17 қазанға белгіленді

Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы 17 қазанға белгіленді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми сайтында хабарланды.

0
Руслан Күлекбаев

Қала прокуратурасының сайттағы мәліметтеріне қарағанда, ҚР Бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурордың басшылығымен Алматыда 2016 жылдың 18-шілдесі күні болған террористік актке байланысты қылмыстық іс бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстары аяқтады.

Күлекбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр.

Тергеу амалдары басталған алғашқы күннен бастап-ақ қала прокуроры қадағалау жұмыстарының тиімді болуын қамтамасыз ету үшін процессуалды прокурорлар тобын құрды. Олар тергеу жұмыстарының барынша қысқа мерзімде аяқталуына ықпал етті.

Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді.

2016 жылдың 12 қазанында 60 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша, сотқа Күлекбаев пен өзге де азаматтар жолданды.

Р.Күлекбаевқа нәтижесі 8 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және 2 бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террористік акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.

Сондай-ақ Р.Күлекбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, дайындап, Р.Күлекбаевпен бірге М. атты кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомын да сотқа берілді.

Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, Алмалы аудандық ІІБ шабуыл жасаған Руслан Күлекбаевтің қамалу мерзімі ұзартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz