Барак Обама Марсқа экспедиция ұшыру жоспарын айтты

АҚШ президенті "Ғарышты игерудің келесі кезеңіндегі мақсат - адамды Марс ғаламшарына ұшыру және одан аман Жерге оралу, ал келешекте адамды Марста ұзақ мерзімде қалдыру" деп атады. Бұл туралы ол CNN телеарнасының сайтында жарияланған таяу келешектегі ғарыштық зерттеулер туралы мақаласында айтты деп хабарлайды azattyq.org тілшісі.

Дереккөз: azattyq.org
0
Марс

Алдағы екі жылда коммерциялық компаниялар бірінші рет астронавтарды Халықаралық ғарыш станциясына ұшыра бастайды. Барак Обама адамның Марсқа ұшуы туралы жоспарын президент қызметіне кірісетін кезде-ақ білдірген. Президенттік қызметі аяқталатын тұста ол құрлықаралық экспедицияны ұйымдастыруға мемлекет пен жеке компаниялар бірдей күш жұмсауы керек дейді.

АҚШ Президентінің жоспары бойынша, бұдан кейін «мемлекет пен коммерциялық компаниялар адамның ғарыш кеңістігінің тұңғиығында ұзақ уақыт болуы үшін жасанды кеңістік жасауы тиіс». Жасанды кеңістікте адам Жерден қашықтықтағы өмірге үйреніп, Марсқа аттанатын ұзақ сапарға дайындала алады.

Ғарышты коммерциялық тұрғыдан зерттеумен SpaceX, Blue Origin сияқты компаниялар айналысады. Илон Масктың SpaceX компнаиясы 2025 жылы Марсқа адам ұшыруда жоспарлап отыр. Boeing корпорациясының бас менеджері Деннис Мюленберг кеше «Марсқа аттанатын алғашқы адамды біздің компания жасаған зымыран алып ұшатынына сенімдімін» деп мәлімдеген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz