Ақорданың баспасөз қызметі Елбасының денсаулығына қатысты мәлімет берді

Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі аккаунтында Мемлекет басшысының денсаулығына қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды Вaq.kz.

Дереккөз: baq.kz
0
Ақорда сурет

Баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев салқын тиіп сырқаттанып қалуына байланысты ем қабылдап жатыр.

«Жалпы, денсаулығына қатысты ешқандай алаңдаушылық жоқ», — деп жазды ол.

«Жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Осы аптаның соңына дейін Мемлекет басшысының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланып отырған жоқ. Еревандағы ҰҚШҰ отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қатысады.
Президенттің жұмысы одан әрі әдеттегі кестеге сай жалғасатын болады», — деп толықтырды Айдос Үкібай.

Айта кетейік, Елбасының денсаулығына қатысты бұндай ақпарат Ақорда сайтында алғашқы рет жарияланып отыр. Денсаулығына байланысты Президенттің Ақордадағы ресми кездесулері, аймақтар мен шетелге жоспарланған барлық іссапарлары да кейінге шегерілуде. 13 қазан күні өтетін Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысына Нұрсұлтан Назарбаев қатыспайтын болды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz