Қостанай облысында 429 әлеуметтік нысан жөнделеді

Биыл Қостанай облысында «Жұмыпен қамту- 2020» бағдарламасы шеңберінде 429 әлеуметтік нысан жөнделеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

0
Құрылыс
Көрнекі сурет

2016 жылы Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен 5,2 млрд. теңге бөлінді. Ол жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға арналады. Осы қаражат есебінен 429 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарланып отыр.

Жөнделетін ғимараттардың 139 – білім беру, 30 – мәдениет, 1 – денсаулық сақтау және 130 – транспорттық инфрақұрылым, 6 – әлеуметтік қорғау, 18 – спорт, 3 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым, 102 – абаттандыру нысаны болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 4877 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2583 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 368 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 2277 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 1307 адам — «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушылар.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы аталған бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылған. Ал 2016 жылы 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz