Самат Смақов отандық құрамадағы мансабын аяқтайды

Бүгін, 11 қазан күні футболдан Әлем чемпионатының іруктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Румыниямен кездеседі. Бұл ойын Смақовтың отандық құрамадағы соңғы ойыны болады.

Дереккөз: vesti.kz
0
Самат Смақов

Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» клубының жартылай қорғаушысы бұл шешімі туралы «Иә, мен мансабымды Румыниямен кездесуден соң аяқтаймын. Себебін кейін түсіндіремін»,-деді.

Айта кетейік, Самат Смақов 2011 жылы да дәл осындай мәлімдеме жасаған еді. Алайда үш жылдан соң отандық құрамаға қайта оралған.

Ол Қазақстан құрамасында 2000 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақытқа дейін ұлттық құрама сапында барлығы 74 кездесу өткізді. Бұл рекордтық көрсеткіш.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz