Головкин табысты боксшылар тізімінде екінші орында — Forbes

Forbes орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Pound-For-Pound (салмақ дәрежесіне байланысты емес) тізіміндегі табысты боксшылардың ондығында екінші орын алатындығын жариялады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлайды.

Дереккөз: Vesti.kz
0
Геннадий Головкин

Тізім бойынша Головкиннің алдында мексикандық Сауль «Канело» Альварес тұр.

Еске сала кетейік, тізім Головкин мен Альварестің қыркүйектегі жекпе-жектерінің алдында жасалған. 10 қыркүйекте Лондонда өткен бокс кешінде Головкин уақытынан бұрын британдық боксшы Келл Брукті жеңді. Ал мексикандық Альварес альбиондық Лиам Смитті тоғызыншы раундта нокаутқа жіберіп, WBO атағын алған болатын. Forbes-тің айтуы бойынша, алдағы 120 күнде тізім жаңаруы мүмкін.

Forbes нұсқасы бойынша Р4Р-боксшыларының ең табысты ондығының тізімі:

1. Сауль «Канело» Альварес;
2. Геннадий Головкин;
3. Тайсон Фьюри/Владимир Кличко;
4. Андре Уорд;
5. Сергей Ковалев;
6. Деонтей Уайлдер;
7. Кит Турман;
8. Теренс Кроуфорд;
9. Эррол Спенс;
10. Кіші Флойд Мейвезер

Айта кетейік, Головкин маркетингтік әлеуеті басым спортшылардың ТОП-50 қатарына кіреді. Бұл тізімде қазақстандық боксшы Португалия құрама командасы және Реал Мадрид клубында өнер көрсететін футболшы Криштиану Роналдудан жоғары сатыда тұр.

Еске сала кетейік, Головкинге қыркүйек айында өткен Келл Брукпен жекпе-жегі үшін 3 млн фунт стерлингтің (4 млн доллар) «чегі» табысталды. Бұл — Головкиннің рекордтық гонарары.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz