Павлодарда 48 адам діни экстремизмді насихаттағаны үшін жазасын өтеуде

Павлодар қаласының төрт түзету мекемесінде Діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған 48 адам жазасын өтеп жатыр.

Дереккөз: pavlodarnews.kz
0
зорлық түрме

Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Дәулет Зәкариянов «Жалған діни және деструктивтік ағымдардың құрбандарын оңалтудың жаңа әдістемесі» ғылыми-тәжірибелік конферециясында мәлім етті. Оның айтуынша, экстремизм және терроризм баптарымен сотталғандардың көбі мұнда 2011-2013 жылдары түскен. Жазасын өтеушілердің жасы 19-35 жас аралығында. Биыл тағы 10-ға жуық адам түрмеге қамалды. Олар еліміздің Батыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының азаматтары.

«Деструктивтік топтардан зардап шеккендермен жеке-жеке жұмыс істеудеміз. Сонымен қатар, олардың маңында күнделікті болатын ата-анасына, туыс-туғандарына және достарына да бұл ағымның қате екенін түсіндірудеміз. Оларға дінді қорқытып емес, керісінше жақсы жақтарын көрсету керек. Тіпті, отбасына әлеуметтік және құқықтық тұрғыда көмек көрсету де оларды оңалтудың ең жақсы тәсілі болып табылады», — дейді Дәулет Зәкариянов.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz