Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі 11 сатыға төмендеді

Қазақстан инвесторларды тарту көрсеткіші бойынша 53-орында тұр, деп мәлімдеді ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко. Бұл туралы BNews.kz. тілшісі хабарлады.

Дереккөз: Bnews.kz
0
Владимир Божко

Қазақстан Республикасының экономикалық дипломатиясына арналған Үкімет сағаты барысында ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бұл мәселенің себебін анықтауды сұрады.

«Дүниежүзілік банк шығаратын инвесторларды тартуды бағалау көрсеткіші бойынша Қазақстан бизнесті қолға алудан 53 орында тұр… Мұнымен қоса, бүгінгі үкімет сағатында инвесторлық климатты жақсарту мақсатында, депутаттардың ҚР СІМ, ҚР ИДМ және басқа да министрліктермен болашақта бірлесе атқаратын жұмыс жоспары туралы ой бөлісуді сұраймын. 2015 жылғы 42-орыннан 53-орынға дейін төмендеудің себебін білгім келеді…», – дейді Владимир Божко.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz