«Тақтар ойыны» сериалы Ирландияға 206 млн доллар кіріс алып келген

NI Screen есебі бойынша, 2010 жылда бері "Тақтар таласы" сериалы Солтүстік Ирландияның қазынасына 206 миллион доллар кіріс алып келген.

Тақтар ойыны

Сонымен қатар сериалды түсіру барысында 2800 жұмыс орны ашылған. Ал Ирландияның өзі киноөндірісін қаржыландыруға небәрі 17 млн доллар ғана жұмсаған. «Тақтар ойыны» сериалының түсірілімі әлі де екі жылға созылады. NI Screen есебі бойынша, бұл түсірілім 25 млн доллар кіріс алып келеді.

Сериалда Солтүстік Ирландияның ландшафтары Темір аралы, Дауылды жерлердің декорациялары үшін пайдаланылған. Уард қамалының ролін орыдаған «Винтерфелл» қорғаны, сонымен қатар ХVIII ғасырда пайда болған Дарк Хеджес, сериалдағы Корольдік орман, Ирландияда орналасқан. Аталған орындардың барлығы «Тақтар ойынының» фанаттары мен туристердің қызығушылығын жыл сайын арттыруда.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz