Ярослава Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарды

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде ол Юлия Путинцеваны басып озды, деп хабарлайды Vesti.kz

Дереккөз: vesti.kz
0
Ярослава Шведова
Ярослава Шведова ©AFP

Ярослава Шведова өткен аптада Бейжіңде өткен WTA China Open турнирінің 1/4 финалына дейін жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші екі партияда да польшалық Агнешка Радваньскаядан жеңілді. Алайда, бұл ойын Шведоваға WTA рейтингінде жеті саты жоғарылауға мүмкіндік берді, қазір ол 32-ші орында тұр.

Ал Путинцева екі саты төмен жайғасқан. Қазақстанның тағы бір өкілі Зарина Дияс 145-орнын сақтап қалды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz