Футболда жасыл карточка қай кезде көрсетіледі? (видео)

Италияның В сериясындағы «Виртус Энтелла» және «Виченца» командалары арасында өткен ойында футбол тарихындағы бірінші жасыл карточка көрсетілді.

Дереккөз: BBC
0
жасыл карточка футбол
©Reuters

Жасыл карточкалар футбол ережесіне былтырғы күзден бастап енгізілген. Ол футболшыға fair play ережелерін сақтағаны, яғни ойын барысындағы қателігін мойындап, адалдық танытқаны үшін беріледі.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, жасыл карточка алған тұңғыш футболшы «Виченцы» құрамасының ойыншысы Кристиан Галано. Ол 59-минутта оның добы қарсыластың қақпасынан қиыс кетіп, төреші бұрыштама добын белгілейді. Сонда ол төрешіге доптың өзінен кеткенін айтып, осыдан кейін төреші шешімін өзгерткен.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz