Ақтөбедегі қарулы шабуыл туралы іс сотқа тапсырылды

5 маусымда Ақтөбе қаласында болған қарулы шабуылдар туралы істі тергеу аяқталып, сотқа тапсырылды. Қылмыстық жауапкершілікке 29 адам тартылды, оның 28-і абақтыда отыр, деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратурасы.

Дереккөз: Central Asian
0
Ақтөбе паллада
tengrinews.kz

Ресми мәлімет бойынша, тоғыз азамат «теракт жасауға тікелей қатысқан», 18 азамат «әзірленіп жатқан қылмыс туралы хабарламаған», екі азамат «қылмысты бүркемелеген». Күдіктілердің барлығы тергеу кезінде «кінәларын толық мойындады».

Оларға қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Шабуыл кезінде және одан кейінгі арнайы операциялар барысында қаза тапқан 18 күдіктіге қатысты іс жабылып, тергеу аяқталды.

Іс бойынша 101 адам жәбірленуші деп танылды. Істі Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта қарайды.

Ақтөбе қаласында 5 маусымда қарулы шабуыл болды. 26 қарулы кісі қаладағы екі қару-жарақ дүкенін басып алды. Шабуылдар кезінде және одан кейінгі арнайы операциялар барысында 20-дан астам адам қайтыс болды, 40-қа жуығы жараланды. Билік шабуылды «діни радикалдық топ» ұйымдастырды деп есептейді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz