Мэдлин Ланкастер тері жасушаларынан жасанды ми өсірді

Ұлыбританиялық ғалым алынған модель шизофрения мен аутизм сияқты өзге де жүйкелік ауытқушылық ауруларын зерттеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Дереккөз: VistaNews
0
нейрондар жасанды ми

Ұлыбританиялық нейробиологтар Кембридж зертханалардың бірінде тері жасушаларынан жасанды ми өсіріп шығарды. Ғылыми тәжірибе авторы —  Мэдлин Ланкастер.

Медлиннің әкесі де ғалым болған және баласына адам ағзасындағы нейрондық жүйе туралы айтып беріп, бұл идеяны тудырған да сол.

Ғалым өсіріп шығарған миы сезім мен түйсінуге қауқарсыз екенін атап өтті. Себебі жасушалардың  микроскопиялық көшірмесі қарапайым Петри табақшасынан алынды. Ұлыбританиялық ғалымның айтуынша, алынған модель шизофрения мен аутизм сияқты өзге де жүйкелік ауытқушылық ауруларын зерттеуге мүмкіндік береді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz