Independent газетінің хабарлауынша, Америка әскерінің штаб басшысы Марк Милли Ресеймен арада соғыс болатынына күмән жоқ деген. Сондай-ақ семинар қатысушылары Қытайдан қауіп төніп отырғанын жеткізсе, Генерал Уильям Хикс АҚШ қарулы күштері соғысқа дайындалып жатқанын ескертті.

Отандық сарапшылар да бұл жағдайға өз бағасын берді.

– Бұл Америкада жүріп жатқан сайлау науқанының бір түрі деп ойлаймыз. Біріншіден, ол қазіргі таңда Ресей мен АҚШ суық соғысының басталғанын дәлелдетпейді. Біздің ойымызша, ешқандай әлемге әсер етпейді деп ойлаймыз, – дейді Медиа технологиялар орталығының атқарушы директоры  Ержан Бағдатов.

Еске сала кетейік, Сирияға қатысты мәселеде екі ел өзара келіспей, шиеленіс ушықты. Ресми түрде Мәскеу АҚШ-тың Сириядағы зымырандарын атып құлататынын ескерткен.

7 пікір

  1. Россияға онда АҚШтың жартысы қосылып кетедi, өйткенi ол жақта орыстарды жақтап отырғандарыда жетедi.

  2. Егер Америка мен Ресей әлсіресе онда Қытай күшейеді. Сосын не боларын өздерің де білесіңдер. Екі держава әлемде баланс ұстап тұр білсеңдер. Егер сол баланс бұзылса, ткза ақырзаман болады. Ядролық соғыстан аман қалу қай елгеде мүмкін емес.

    Екі үлкен державаны сабырға шақыруға еш елдің батылдығы жетпейді. НАТО БҰҰ дарына көп қаржы бөліп ұстап отырған АҚШ сондықтан қай елге соғыс ашам десе де ешкім қарсылық таныта алмайды. Ал Ресей бірінші ударды күтеді. АҚШ бастаса соғысты онда ол үшінші дүние жүзілік болады. Оны АҚШта біледі, сондықтан Ресейге соғыс ашпайды. Әзір.

  3. Ресей сирияны әуеден бомбылап күл талқанын шығарды. Әдемі қалаларынан түкте қалған жоқ. Терористерді жаяу әскермен жоюы керек болған. Оған орыстардың батылдығы жеткен жоқ

  4. Ресей согыс тактикасы жагынан ен куатты ари мыкты держава. Сирияны корип отырсыздар гой. АКШ расында кушти болса Ресейди ол жерге жолатпас еди. Типти АКШ тын зымырандар базасына соккы жасауды шешип отыр казир.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!