Бизнес ортаны жақсарту заңы бойынша экономикалық пайда 14 млрд теңгеден асты

Қазақстанда бизнес ортаны жасқсарту туралы заңның қабылдануынан 2015 жылы шағын және орта бизнес субьектілеріне түскен жалпы экономикалық пайда шамамен 14 млрд теңгені құрады, деп мәлімдеді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзаxметов. Бұл туралы премьер-министрдің сайтынд жарияланды.

0
Абылай Мырзаxметов

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен ҚР кәсіпкерлік Заңы әзірленіп, 2015 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енген болатын. Аталған заңның қабылдануынан осы жылы кәсіпкерлік субьектілеріне түскен жалпы экономикалық пайда жылына 14 млрд теңгеден асты», — деді ол ҰКП төралқасының кеңейтілген кеңесінде.

«Жылына 14 млрд теңге — бұл тексерулерге байланысты енгізілген жаңашылдықтардан түскен үнем. Бұл бағалау емес, тікелей сандар», — деп нақтылады А.Мырзахметов.

А.Мырзахметовтың мәліметінше, бизнесті қорғау желісінде 2013 жылдың қазан айынан бері ұлттық палатаға 9600-ге жуық шағым түссе, оның 41%-ы оң шешімін тапқан.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік субъектілеріне салынған жалпы 16 млрд астам тенгені құрайтын айыппұлдар мен өсімпұлдар алып тасталынды. «Биыл — 11 айда 8,7 млрд теңге», — деді А.Мырзахметов.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!