Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

0
Жансейіт Түймебаев

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды.

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысы активімен кездесуде облыстың жаңа әкімін таныстырды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Бақытжан Сағынтаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс әкімі қызметіне Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаевтың кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Өз кезегінде үкімет басшысы атқарған қызметі үшін Бейбіт Атамқұловқа алғыс айтты.

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев – 1958 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінде бастаған.

Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған.

Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы, Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі-Протоколының бастығы.

2006 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2007 жылы қаңтарда айынан Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі болып тағайындалды.

2010 жылы қазанда – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылы наурызда Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz