Ольга Рыпакова ресми түрде Бейжің Олимпиадасының қолға жүлдегері атанды

Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова ресми түрде Бейжің Олимпиадасының қолға жүлдегері атанды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Ольга Рыпакова

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Ольга Рыпакова журналистердің сұрағына жауап бере отырып, бұл ақпаратты растады.

«Ия, бұл рас ақпарат. Олимпиада комитетінің ресми сайтында ресми хаттамасында менің көрсеткен нәтижем үшінші орында тұр. Бұл ресми ақпарат»,-дейді чемпион.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның жеңіл атлетшісі Ольга Рыпакова төртінші орын алған. Ал, сол кезде үш қарғып секіруден қола медальді жеңіп алған грек спортшысы Хризопия Деветци допинг дауына іліккен. Екінші допинг сынамадан кейін грек спортшысы қола жүлдесінен айырылған болатын.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова үш мәрте Олимпиада жүлдесін еншілеген алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр. Ол биыл Рио олимпиадасында да үздік үштік қатарынан табылды. Ол алғашқы мүмкіндігінде 14,73 метрге секіріп, бірінші орынға шыққан еді. Алайда колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) мен венесуэлалық Юлимар Рохас (14, 98м) оның алдын орап кетті. Осылайша, жерлесіміз қола медальді қанағат тұтты. Жарыс видеосын осы жерден көре аласыздар.

Бұған дейін Ольганың сегіз жыл бұрынғы олимпиада жүлдегері атануы мүмкін екені туралы ақпарат жарияланған болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz