Билет құны мен коммуналдық қызмет бағасын Үкімет реттейтін болды

2020 жылға дейін темір жол көлігі, электр энергетикасы, газбен қамтамасыз ету қызметтерінде мемлекеттік реттеу сақталады.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
коммуналдық қызмет
Көрнекі сурет

Бұл туралы бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын  талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білесіздер, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға реттеуден бас тартып, орнына монополияға қарсы әрекет ету құралдарын ұсындық. Бұл өзінің нарықтағы жағдайын теріс пайдаланатын субъектілерге қатал қаржылық салдары бар икемді құрал» – деп атап өтті Бишімбаев.

Оның деректері бойынша, бүгінде 47 астам тауар нарығына талдау жасалды, ол әлеуметтік наразылық және бағаның күрт көтерілуі мүмкін аймақтарды анықтауға мүмкіндік берді.

«Нәтижесіндеғ  реттеуді 4 салада, яғни теміржол көлігі, электр энергетикасы, газбен жабдықтау және әуежай қызметінде сақтап қалу ұсынылады» – деді министр.

Аталған тауар нарықтары бойынша оларды қоғамдық тұрғыдан маңыздылығын белгілей отырып, шамамен 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін баға реттеуді сақтап қалу ұсынылады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz