Павлодарда жолақы билеттері 70 теңге болады

Павлодарда 15-қазаннан бастап трамвайда жүру жолақысы бес теңгеге көтеріліп, 70 теңгені құрайды.

Дереккөз: pavlodarnews.kz
0
Көрнекі сурет

«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, жол жүру құны ағымдағы жылдың 22 шілдесінде VI шақырылымдағы қала депутаттарының сегізінші кезектен тыс сессиясында қабылдаған шешіміне сәйкес жоғарылайды.

— Соңғы рет жолақысы 4-тамыз күні көтерілген болатын. Сол кезде автобус пен шағын автобустарда жол жүру құны 10 теңгеге көтерілді, ал трамвайда тек 5 теңгеге ғана өсті. Депутаттар жазда бірыңғай жол жүру құны туралы шешім қабылдаған соң, 15-қазаннан бастап қала бойынша трамваймен жүру 70 теңгені құрайды. Ал, қаладан тыс жерде 95 теңге болмақ, — деді басқарманың баспасөз хатшысы Тимофей Голев.

Айта кетейік, 15 санаттағы азаматтарға барлық жеңілдіктер сақталады. Зейнеткерлер мен 7 жастан 15 жас аралығындағы оқушылар 35 теңге төлейтін болады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz