Ақмола облысында 159 жетім балаға баспана беріледі

Жыл аяғына дейін тағы 94 жетімдер үйінің тәрбиеленушісі пәтермен қамтылады.

Дереккөз: Bnews.kz
0
Пәтер сатып алу

Степногорск қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен 18 жетім балаға пәтер берілді. Олар Аршалы, Шортанды, Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілдер, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Бурабай және Жарқайың аудандарында тұратын жетім балалар пәтерлі болды.

Солардың бірі – Эльмира Ерменбаева. Ол Щучинск қаласынан екі бөлмелі пәтер алды. Эльмира бүгінде аудандық емханада дәрігер-психотерапевт болып жұмыс істейді.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл 159 жетім бала баспанамен қамтылуы тиіс. Олар Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау қаласындағы ата-ана қамқорлығынсыз өскен жастар болады деп күтілуде.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz