Бас бет Жаңалықтар Қазақстанда мектеп және аурухана асханалары жабылуы мүмкін

Қазақстанда мектеп және аурухана асханалары жабылуы мүмкін

Қазақстанда мектеп және аурухана асханалары жабылуы мүмкін. Себебі жеке коммуналдық нысадарды жалға беру құны 10-20 есеге артқан. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП сайтында хабарланды. Дереккөз: 7kun.kz

0
Ғани Қасымов

ҚР Ұлттық экономика минстрілігінің мемлекет мүлкін жалға беру туралы жаңа ережесіне сәйкес, жалданатын жеке коммуналдық нысандар бағасы бірнеше есеге өскен. Осыған байланысты «Атамекен»  ҰКП ҚР Бас прокуратурасында кәсіпкерлерердің құқығын қорғау бойынша кеңес өткізді. Ең көп жалданып отырған жеке коммуналдық нысандар — мектеп, аурухана және әскери бөлімдер.

«Кәсіпкерлер жалға алу бағасын неліктен бірден көтеріп жібергенін түсініп отырған жоқ. Мәселе тағамдардың бағасын тым қымбаттатуға болмайтын әлеуметтік нысандарға қатысты болып отыр. Кәсіпкерлер үшін мектептерде, ауруханаларда немесе әскери бөлімдердің асханаларында жұмыс істеу тиімсіз. Бұл жерге көбінесе жалақысы көп емес мемлекеттік және әлеуметтік саладағы қызметкерлер келеді. Яғни бұл халыққа оңай болмайды. Мәселе шешімін табуы керек», — деді ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов.

Ал аймақтық кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Салтанат Лесбаеваның айтуынша, жалға алу бағаларының өсуі — есептік баға бойынша базалық мөлшерлеменің және орналасқан аймағына байланысты коэффициенттің  өзгеруі.

«2015 жылдың 23 мауысымында Мемлекеттік мүлікті жалға беру туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде мемлекеттік нысандарды жалға алушылардың базалық мөлшерлемелері төмендеді. Олар мектеп асханаларын жалға алумен қатар, қосымша залдары үшін және жазғы демалыс кезінде де қаржы төлейді», — деді С. Лесбаева.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Send this to friend