Мәскеуде Астана күндері өтіп жатыр

Ресей астанасы Мәскеу қаласында Астананың мәдениет күндері аясында бірқатар іскерлік және мәдени шаралар өтіп жатыр.

Дереккөз: Аstana.gov.kz
0
Мәскеудегі Астана күндері

Шаралар әлемдегі ең ірі экспозициялық алаң — Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде этноауылдың ашылуынан басталды. Ресми шараға елорда басшысы Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметінің министрі Сергей Черемин қатысты.

Мәскеудегі Астана күндері

Этноауыл аумағында бірнеше тақырыптық киіз үй тігілді — «Ақ Орда», «Аңшының үйі», «Шеберлердің киіз үйі», «Қолөнершілер шеберханасы» және т.б. Сонымен қатар, келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.

Этноауыл аумағында алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған павильон орнатылды. Экспозиция Мәскеу уақыты бойынша сағат 22.00 ашылады.

Мәскеудегі Астана күндері

Астана күндері аясында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен Ресей астанасында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қазақ халқының мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады, елордалық театр әртістері мен танымал қазақстандық шоу-бизнес өкілдері өз өнерлерін ортаға салады. Бүгін Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Театр сүйер қауым «Томирис – Сақ патшайымы» қойылымы мен бейнелеу өнерінің «Жусан иісі» көрмесін тамашалай алады.

Мәскеудегі Астана күндері

Бұдан басқа, шара аясында бірқатар іскерлік кездесулер өткізу, «Мәскеу қаласының бірыңғай геоақпараттық кеңістігін», Спорттық инновациялық технологиялар және құрама командалар дайындау орталығын, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын аралау, сондай-ақ, Мәскеу аумағында жәрмеңкелер ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу жоспарланған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz