2020 жылы Токиода өтетін олимпиадаға каратэ-до енді

Биыл Рио-де-Жанейрода 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысатын жаңа бес спорт түрі бекітілді, оның ішінде каратэ-до да бар. Бұл туралы WKF және дәстүрлі жекпе-жек өнері Федерациясының президенті, каратэ-додан аға жаттықтырушы Мейрамгүл Дукуева айтты. Олар жақында Мумбайда өткен каратэ-до шотоканнан XVIII әлем чемпионатынан оралған еді.

Дереккөз: Аstana.gov.kz
0
каратэ до шотакан

— Спорттың барлық бағыттарының ішінде олимпиадалық бағдарламаға каратэ-до енді. Алдымызға үлкен мақсаттар қойып отырмыз. Жаттығулар санын арттыру үшін каратэ-до мектебін, жаңа спорт залдарын ашу жоспарда бар, — деді Мейрамгүл Дукуева.

Айта кетейік, жақында Мумбаи (Үндістан) қаласында каратэ-до шотоканнан XVIII әлем чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 10 мемлекетінен 1500 астам спортшы қатысты. Отандық құрамадан 17 атлет қатысып, 22 алтын, 1 күміс және 2 қола еншіледі.

— Біз үшін бұл жақсы нәтиже. Енді балалар Астана біріншілігіне, ҚР чемпионатына және қараша айында Индонезияда өтетін Азия чемпионатына дайындалады, — деді Астана қаласының каратэ-до WKF және дәстүрлі жекпе-жек өнері Федерациясының президенті, каратэ-додан аға жаттықтырушы Мейрамгүл Дукуева.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz