Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

12 қазанда «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Дереккөз: astana.gov.kz
0
Мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс
Көрнекі сурет

Шараға 25 жұмыс беруші мен он қоғамдық бірлестік қатысады.

Жәрмеңкеге келушілер түрлі ұйымдардың өкілдерінен кеңес алып, өз түйіндемелерін қалдыра алады. Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің айтуынша, денсаулық жағдайы мен мүгедектік санатына қарамастан, лайықты жұмыс табу әрбір жан үшін маңызды. «

Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамда бейімдеуге баса назар аударылады. Заңнамаға сәйкес, әр жұмыс берушінің штатына мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа алынуы тиіс. Олар да басқа адамдар сияқты өз еңбегімен ақша тауып, кәсіби тұрғыдан дамуға құқыыл», – дейді Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің басшысы Роза Байсалбаева.

Сондай-ақ жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі жандар қолдан жасаған бұйымдары бар стэнд орнатылады. Жәрмеңке сағат 10:00-13:00 аралығында өткізіледі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz