Шекара

Мекеменің баспасөз хатшысы Мұхаммад Улугходжаевтың хабарлауынша, тәжік билігі Ауғанстан үкімет күштері мен Талибан қозғалысы арасындағы кескілескен айқастардан хабардар болды.

Әзірге Тәжікстан шекарасына қауіп төнді деуге ерте, дейді ол. Дегенмен, қорғаныстың алғашқы желісіне – шекарашылар, ал екіншісіне – Тәжікстан қорғаныс министрлігінің әскері орналастырылды. Қажет болған жағдайда, олар шекарашыларға көмекке келеді.

3 қазанда түнде Талибан күштері Құндыз қаласына үлкен күшпен шабуылдай бастады. Бұл – Ауғанстандағы Құндыз провинциясының орталығы. Құндыз провинциясы Тәжікстанның оңтүстігімен шекаралас жатыр.

Соғыс кезінде үкімет күштері үлкен шығынға ұшырады. Осыдан тура бір жыл бұрын Талибан әскері дәл осы Құндыз қаласына шабуыл жасаған болатын. Сол кезде содырларлардың қаладағы билігі үш күнге созылған еді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!