СҚО-да пайдаланусыз жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

Бүгінде аймақта кейін аграрлық секторды дамытатын меншік иесіне тапсыру үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат
1
Жер сату Қазақстан жері

Солтүстік Қазақстан облысының соттарында тұрақты сот практикасы қалыптасқан. Соттар шаруашылық субъектілері жер телімдерін жалға алу келісімшарттардың бұзылғанын анықтаған жағдайда, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару туралы шешім шығарады.

Сондай-ақ әкімдіктердің конкурссыз немесе аукционсыз жер телімдерін беруі жер заңнамасын бұзушылық болғандықтан, осы заңсыз қаулыны орындау мақсатында жасалған мәмілені жарамсыз деп танылады.

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері және жер ресурстарын басқару комитеті» РММ-нің Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкіміне, «Уәлиханов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не және «Донское» ЖШС-не жалпы аумағы 336 385 га мал шаруашылығы мен тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін беру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы №78 қаулысының негізінде «Уәлиханов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ мен «Донское» ЖШС-нің арасында 2008 жылғы 16 мамырда жасалған жер телімдерін жалға беру жөніндегі сегіз шарт жарамыз деп танылған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Аноним

сол жер пайдаланылмасада тұра бергені жақсы еді. мемілекетке қайтқаннанкөрі. Мемілекет қайтарып алыпты мен мемілекет сатқалы немесе жалға бергелі жатыр екен десе қорқатын болдыққой.

wpDiscuz