жүргiзушi куәлiгi

«Бүгінде балалардың жолда жарақат алу деңгейі жоғары. Осыған байланысты алғашқы әскери дайындық пәнінің оқу бағдарламасына көлік жүргізу, жол қауіпсіздігі ережелерін оқытуды енгіземіз. Осының нәтижесінде мектеп бітіретін балаларға көлік жүргізу курсын бітіргені туралы куәлік беріледі. 18 жасқа келген бала көлік жүргізу куәлігін ала алады», – дейді Е.Сағадиев.

Министрдің айтуынша, бүгінде алғашқы әскери дайындықтан сабақ беретін мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан өткізу көзделіп отыр. Оған қажетті қаражат бар. Ал осы саладағы жұмысты келесі жылы біртіндеп бастау жоспарланған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!