Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі «Евразийский мост» фестивалінің бас жүлдесін алды

Фестивальдің салтанатты жабылу шарасы сейсенбі күні Ялтада өтті. Байқауға қатысушылардың өнерін Талакаду Сринивасаях Нагабхарана (Үндістан) бастаған халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Дереккөз: РИА Новости
0
Анаға апарар жол

30 қыркүйек күні басталған кинофестивальдің жабылу салтанаты  сейсенбі күні  Ялтада өтті. Оған қонақ және қатысушы ретінде Ресей, Украина, Беларусь, Италия, Германия, Сербия, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Бельгия, Үндістан, Армения кинематографшылары қатысты.

Байқауға қатысушылардың өнерін  Талакаду Сринивасаях Нагабхарана (Үндістан) бастаған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Олар «Бас жүлде «Анаға апарар жол» фильміне табысталады. Қазақстан. Режиссері — Ақан Сатаев», деп хабарлады.

Фильм сюжеті ана махаббатына негізделген. Бұл күш басты кейіпкердің қиындықтарды жеңіп, түрлі сындардан өтуіне көмектесті. Оқиға ұжымдастыру, жұт, әскери және соғыстан кейінгі жылдары сияқты қазақ халқы үшін қиын-қыстау кезеңде өрбиді.

Бас кейіпкері Ілиястың рухани беріктікті, ерлікті, патриотизм мен қайсарлығы көрсетіледі. Анаға деген сағыныш пен махаббат сезімі оны өмір сүруге, күресуге итермелейді.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы үздік рөл сыйлығы фильмде басты рөлді сомдаған Алтынай Нөгербекке бұйырды.

Ақан Сатаев Анаға апарар жол

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz