Бір минутта қандай өзгерістер орын алады?

Уақыт - жүйрік. Дегенмен бір минут ішінде адам да, ғалам да түрлі өзгерістер жасай алады. Минут ішінде әлемде қандай өзгерістер болып отырады?

Уақыт

Өткен шақ пен болашақтың ортасы бір сәт қана. Бір күнде 1440 минут болса, бір жылда 518 400 минут өтеді. Әрбір күн — тарих парағы. Алайда тарихтың елеулі болмағы уақыттың қалай өтуіне байланысты.

Спортта әлемдік рекордты жаңартуға болады

Иса Ақбербаев

Спортта минут ішінде талай өзгерістер орын алады. 2016 жылы 24 қыркүйекте Алматыда өткен бокс кешінде Global Boxing Council нұсқасының үш дүркін әлем чемпионы қазақстандық Иса Ақбербаев 38 секундта қарсыласы Майк Курцвейді нокаутқа жіберіп, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Рио Олимпиадасында гонкадан минуттар арасында екі рет әлем рекорды жаңартылды.

Жер бетінде 250 адам дүниеге келеді

сәби нәресте

БҰҰ келтірген деректерге сенсек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Ал оның 113-і кедей отбасының мүшесі атанады.

31 футболканы киюге болады

Футболка

Бір минут ішінде әртүрлі өлшемдегі, ұзын-қысқа жеңді 31 футболканы жалғыз өзің немесе серігіңнің көмегімен киіп үлгеруге болады.

Ғалам

Күн

Күн бір минутта 60 млн тонна зат бөлсе, Жер бетінде 960 млн тонна су буланады.

Рекордшы жануарлар бір минутта…

Қабылан

Қабылан бір минут ішінде 2 км жүгірсе, қаршыға 5 км ұшады. Ал калибри құсы 60 секундта 4000 рет қанатын қағып үлгереді.

Адам көзі

Көз

Адам қалыпты жағдайда бір минут ішінде көзді 12 рет ашып жабады. Ал бүкіл өмірінде орташа есеппен алғанда 24 миллионнан астам әртүрлі сурет көреді.

Рекордты табыстар

Nike компаниясы

Минут ішінде ірі технологиялық компаниялар адам сенгісіз табысқа қол жеткізіп отырады. 8 секундта Apple 10 000 доллар, Samsung компаниясы өз пайдасына 7 000 доллар кіріс алып келсе, Twitter 170 доллар жоғалтқан. Албір минут ішінде Nike компаниясы бір минутта 36 000 $, Билл Гейтс 23 000 $, Марк Цукерберг 21 000 $ табыс табады.

Желі қолданушылары

Әлеуметтік желі

Әлемде Фейсбук қолданушылары 25 млн пост жазып үлгерсе, бір минут ішінде Инстаграм желісіне 216 мың фото жүктеледі. Ал Google 4 млн сұраққа жауап ізделінеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz