Пойыз жолсерігіне жолаушының телефонын қуаттау үшін ақша сұрауға тыйым салынды

Теміржол бекеттеріндегі жолсеріктер қосымша табыстан қағылды. Оларға жолаушы телефонын қуаттау үшін ақша алуға тыйым салынды. Естеріңізге сала кетейік, көптеген пойыздарда ток көздері тек жолсеріктің купесінде ғана бар.

Дереккөз: КТК
0
пойыз
Көрнекі сурет ©azh.kz

Теміржол тасымалы үшін жаңа ережелер қарастырылды. Құжатта электрлі қуат көздерін барлық вагондарға орнату міндеттелді. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» енді пойыздарда бақылауды күшейтіп, тозығы шыққан ескі вагондарды жаппай жөндейміз деп сендіріп отыр. Ал, жолсеріктердің жолаушылардан ақша алғаны анықталса, бірден жұмыстан қуылмақ.

 

«Ұялы телефондар болсын, басқасы болсын оларды жолсеріктерге зарядтауға қатаң тыйым салынған. Өйткені, бұл қызмет жолаушылар үшін тегін», — дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті Асылхан Қалдыкөзов.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz