Ауыл жастарының білім алуына 7 млрд-тан астам теңге бөлінеді

Қазақстанда ауыл жастарын өмірлік дағдыларға үйрету үшін шамамен 7 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.

Дереккөз: primeminister.kz
0
Астанадағы халықаралық конференция

Астанадағы «Жастар саясатын қалыптастыру мен іске асырудың ерекшеліктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында ауыл жастарын қолдауға бағытталған жоба таныстырылды.

«Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық аясында Қазақстанда ауыл жастарын өмірлік дағдыларға үйрету үшін 7 млрд теңге шамасында қаржы бөлінеді. Бұл жоба 2016-2017 жылдары жүзеге асырылатын болады, қазіргі таңда жастар ұйымдарын іріктеумен айналысатын топ құрылып жатыр», — деп хабарлады Ғабидолла Оспанқұлов.

Оның айтуынша, аталмыш топтың ауылдық елді мекендердегі жастардың осы категориясымен жұмыс істеуін Білім және Ғылым министрлігі қадағаланатын болады.

Қазақстандағы жастар саясаты ірі бағыттарда: жастардың өзін-өзі дамытуларына жағдай жасау, жас ұрпақтың денсаулығын қорғау, білім беру сапасы, жастар арасында жұмыс орындары мен кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар, қолжетімді баспанамен қамту бойынша жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Ғабидолла Оспанқұлов аталмыш бағдарлама аясында ауылдық жерде 8,5 мың жас пен 2,5 мың жастар жобалары іріктелетіндігін айтты.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz