Эстонияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

Эстония парламенті бірінші рет әйел үміткер Керсти Кальюлайдты ел президенті етіп сайлады, деп хабарлайды azattyq.org тілшісі.

Дереккөз: azattyq.org
0
Керсти Кальюлайд, әйел президент

Еуропа аудиторлар сотының бұрынғы мүшесі, 46 жастағы Керсти Кальюлайдті парламенттегі 101 депутаттың 81-і қолдап дауыс берді.

Бұған дейін елді Тоомас Хендрик Ильвес басқарып келді. Кальюлайд Ильвестің Балтық бойы елдерінде НАТО-ның әскери әлеуетін күшейту және Украинадағы қақтығысқа байланысты Ресейге салынған санкцияларды күшінде қалдыру ұстанымын қолдайды.

Эстонияда президенттің құзыреті шектеулі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz