«Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

Бұйрыққа ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде қол қойды, деп хабарланды премьер-министрдің ресми сайтында.

Дереккөз: primeminister.kz
0
Болашақ бағдарламасы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау бұған дейін 30 қыркүйекте аяқталатын. Бұйрыққа сәйкес мерзім 14 қазанға дейін ұзартылды.

2016 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардың 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламаларына арналған.

Еске сала кетейік, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеңейтілді. Біріншіден, ағымдағы жылда 700 стипендия бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеңілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаңа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz