Ярослава Шведова әлемнің сегізінші ракеткасын тізе бүктірді

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Пекинде өтіп жатқан WTA турнирінде испаниялық Карла Суарес Наварроны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

0

Испандық Карла Суарес Наварро WTA  рейтингінде сегізінші орында тұрса, Шведова әлемдік рейтингке 41-орында тұрған еді.

1 сағат 12 минутқа созылған кездесу 3:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Шведованың келесі қарсыласы швейцариялық Белинда Бенчич. Ол германиялық Аниика Бекті 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz