Қайрат Нұртас арбаға танылған азаматқа костюмін сыйға тартты

Әнші Қайрат Нұртас Семейде өткен концерті барысында арбаға танылған мүмкіндігі шектеулі азаматқа өзінің сахналық киімін сыйға тартты.

8
Қайрат Нұртас

Бұл туралы Инстаграм әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова хабарлап, видеосын орналастырды. «Бүгінгі Семей стадионындағы жеке кешімізден. Бұл жолы Қайрат өзі қалаған адамына тарту еткен тəрізді. Жолы болып, жақсылық болсын», — деп жазды ол.

«Мына костюмді сізге шын жүрегіммен тарту етемін», — дейді Қайрат. Қуанышында шек болмаған мүгедек жан да әншіге алғысын жаудырды.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас өзінің концерттері барысында жеке затын, ол сахналық костюмдері, не көзілдірігі болсын — көрермендердің біріне сыйға тартуды, не болмаса олардың бірімен қосылып ән айтуды әдетке айналдырған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Аноним

Керемет

Аноним

карапаиым тамаша адам гой кайрат иным менин

Аноним

Жарайсың Қайрош! Көре алмайтындар жақсы ісіңді де жаманға балап жатыр, қайтесің амал жоқ бақытсыз адамдар солай етеді. Саған тек жақсылықтар тілеймін

Аноним

Ескірген арзан костюмнен құтылдың! Неге ақша бермедің ?

Аноним

Қайрат бауырым. Мен сены оте жаксы корем. Әнін ды де тындаим. Коп әншілерден жогары да багалайм жаным Бырак ол кісіге костюм емес емделуге акша керек сиякты

Аноним

Киім бергенше басқа зат бермейма мысалы жаңадан арба.

Айкош

Жарайсын Қайрат костюм-ді алған адам риза шығар оның өзі бір бакыт

Айкош

Қайрат жоғары биіктерден көріне бер,әр бір бала үшін анасы аман болсын әрдайым

wpDiscuz