Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар шығатын болды

Мереке қарсаңында сұраныстың көбеюіне байланысты жолаушылар тасымалына қосымша пойыздар шығатын болды. Дереккөз: Stan.kz

0
Поезд

Бұл ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

№152/151 Астана-Алматы-1 пойызы Астанадан 2015 жылдың 29 желтоқсанында, 2016 жылдың 1 қаңтарында шығады. Ал Алматыдан 2015 жылдың 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 2 қаңтарында шығады.

№153/154 Астана-Қостанай пойыз Астанадан 2015 жылдың 27 желтоқсанында,  Қостанайдан 2015 жылдың 28 желтоқсанында шығады.

№156/155 Қарағанды-Жезказған пойызы Қарағандыдан  2015 жылдың 15, 17, 19, 25, 27, 29 желтоқсанында және 2016 жылдың 2 қаңтарында жүретін болды. Ал Жезқағаннан 2015 жылдың 16, 18, 20, 26, 28, 30 желтоқсанында, 2016 жылдың 3 қаңтарында шығады.

№452/451 Алматы-2-Достық пойызы аптасына үш рет шығатын болды. Алматыдан 2015 жылдың 14-28 желтоқсаны аралығында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, ал Достық стансасынан 2015 жылдың 15-29 желтоқсаны аралығында сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүреді.

№454/453 Алматы-1-Семей пойызы Алматыдан 2015 жылдың 27 желтоқсанында, Семейден 2015 жылдың 28 желтоқсанында жолға шығады.

Және  2015 жылдың     27 желтоқсанынан бастап №47/48 Атырау – Астана «Каспий» жүрдек пойызы Көкшетау – Новоишим – Костанай – Тобыл – Никельтау – Кандыағаш стансалары арқылы (бұрын Атбасар, Есиль, Кұсмұрұн, Тобыл, Никельтау, Кандыағаштың үстімен өтетін) күнара жүретін болады. Пойыз Атыраудан жұп күндері, Астанадан тақ күндері жолға шығады.

2016 жылдың 4-ші қаңтардан бастап Карағанды-Киев бағыты бойынша (Астана-Киев пойызының орнына) №107/108 жолаушылар пойызы тағайындалды. Пойыз аптасына бір рет Қарағандыдан дүйсенбі, ал Киевтен бейсенбі күндері жүретін болды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!