Түбіртек талап ет те, көлік ұтып ал!

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығымен осындай акция өтікізіліп жатыр.

Дереккөз: Bnews.kz
0
Түбіртек чек
©retail-loyalty.org

Акцияның негізгі мақсаты – дүкендерде тауар алып жүрген қазақстандықтардың түбіртек алуға ынталандыру. Себебі, кассалық аппаратта көрсетілген деректердің негізінде тауардың нақты көлемін анықтап, салықтың мөлшерін белгілеуге болады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің салықтан жалтаруына жол берілмейді. Биылғы акция кезінде түбіртекті ұялы телефонға түсіріп, фотосын жібере салуға болады.

«Екі аптадан кейін біз түбіртек бойынша электронды лотереяның басталғанын xабарлаймыз. Өткен жылы біз осы «Түбіртек талап ет те, көлік ұтып ал!» акциясын өткізіп көрдік. Сыйлықты «Атамекен» сатып алды. Мемлекет шығындалып отырған жоқ. Сол кезде автокөлікті Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ұтып алды. Биыл біз ол бағдарламаны жалғастырамыз. Қазіргі кезде біз ұялы телефондар үшін арнайы қосымшаны іске қостық. Енді, түбіртекті белгілі бір жерге апарудың қажеті жоқ. Тауар алғаннан кейін түбіртекті фотоға түсіріп, сол қосымша арқылы жіберуге болады. Барлық ақпарат біздің серверімізге түсіп, автоматты түрде өңделеді. Жіберген адамға код келеді. Сол бойынша көлік ойнатылады. Ұтыс автоматты түрде өтеді, яғни, жеңімпазды компьютер анықтайды», — дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин.

Комитет басшысының айтуынша, бүгінде барлық мәліметті онлайн режимде беріп отыратын кассалық аппараттардың саны 62 170 данаға жетіп отыр. Енді, 20-25 пайыздай аппаратты қосу қажет. Қазірдің өзінде комитет 427 млн. түбіртектің берілгенін көріп отыр. Ал қазақстандықтар сатып алған тауарлардың жалпы соммасы 1,6 трлн. теңге.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz