Ұстаздар мерекесіне арналған сыйлықтарға ерекше идеялар

Қазақстанда Ұстаздар күні қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл мереке биыл 2 қазанға келіп тұр. Сыйлық сыйлау адамдарды бір-біріне жақындастыратын құрал екенін ескеріп, ұстаздар күніне арналған мерекелік сыйлықтар идеясын ұсынуды жөн санадық.

0
Ұстаз, Сынып, Мектеп

«Ғалым да, шахтер да бас иетін» тұлғаны төл мерекесімен құттықтау алдымен ұстазға жағымды көңіл күй сыйласа, екіншіден шәкірттің оған деген құрметін арттырады. Сыйлықты мәнді де сәнді етіп берудің маңыздылығын ескеріп, сый түрінің бірнеше үлгілерін ұсынамыз.

Бөлме гүлі

Ұстаздар қауымының көпшілігі әйел заты болғандықтан гүл сыйлау бірінші кезекте тұруы заңды. Дегенмен оны өз қолыңызбен әрлесеңіз әлдеқайда құнды әрі бағалы болмақ.

Бөлме гүлі

Төсбелгі

Ұстаздарға, сынып жетекшісіне немесе куратор-эдвайлерлерге топ атынан төсбелгі беру — сыйлық алушының жадында ерекше сақталары анық.

Төсбелгі

Есім жазылған қаламсап немесе блокнот

Ұстаздың есімі жазылған нақышты қаламсап пен қойын дәптер — ер ұстаздарға да таптырмас сыйлықтың бірі. Бұл қатарды қаптамасында есім жазылған тәтті шоколадтармен немесе қажетті құрал, флешкамен, де алмастыруға болады.

Блокнот

Жоғары сапалы кофе немесе шай

Отбасылы ұстазға жоғары сапалы кофе немесе шай сыйлау оны шаңырағына құрметті екендігін көрсетеді әрі жылылық сыйлайды. Сыйлық қасына тәтті-дәмділерді қосып берсеңіз де артық етпейді.

Кофе, торт

Фототоптама

Сыныптың немесе студенттік топтың фотосуреттерін түрлі жолдармен топтастырып беруге болады. Бұл нұсқа да ұстаз есінде ұзаққа сақталатын сыйлықтың бірі болмақ.

Фотосурет, сыйлық

Ескергеніңіз абзал

  • Сыйлық беру ұстаз мерекесін ескеру, оған деген құрмет әрі алғыс білдіру нышаны болғандықтан, оның мәнді де қарапайым болуын ескеру маңызды. Қымбат әшекей немесе ыдыс-аяқ сервисі тәрізді тым бағалы дүние сыйлап ұстазды сыныбының әрі әріптестерінің алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырудан абай болыңыз.
  • Жеке заттарды таңдауда сақ болғаныңыз жөн. Мысалы, сіз таңдаған әтір немесе косметика ұстаздың талғамына сай келмеуі мүмкін.
  • Ұстаз үшін құнды сыйлық шәкіртінің қолымен жасалған дүние болатыны анық. Сыйлықтан бөлек сыныпты безендіріңіз, құттықтаудың сценарийін даярлаңыз. Шын көңілмен жасалған сый ұстаз жүрегінен орын табары сөзсіз.
Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz