Қазақ қызы Азияның ең сұлу аруы атанды

Ливанда өткен Miss Tourism Universe 2016 сұлулық байқауында шымкенттік 21 жастағы модель Ардана Кәденова «Мисс Азия-2016» атағын жеңіп алды. Бұл туралы Astana.zagranitsa.com хабарлады.

0
Ардана Каденова

Қуанышты жаңалығымен модельдің өзі Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

Шымкеттік ару Miss Tourism Universe 2016 конкурсына шақыруды Бакуде өткен Miss Union сұлулық сайысы кезінде алған. Әзербайжан астанасында Ардана бесінші орынға тұрақтаған.

Ал Ливан жерінде Ардана Кәденова 45 елдің сұлуларымен бірге бақ сынасқан. Алдағы уақытта қазақ аруы Шри-Ланка арал-мемлекетінде өтетін кезекті байқау – Miss Intercontinental конкурсына қатысуды жоспарлап отыр.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz