Сатыбалды Нарымбетовтің фильмі Оскарға ұсынылды

Қазақ режиссері Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» фильмі «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскарға» ұсынылды. Бұл туралы мәлімет Hollywood Reporter сайтына шықты.

Дереккөз: egemen.kz
0
Оскар сыйлығы

Тарихи драма тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған. Тарихшы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жайлы ғылыми тұжырымдамалары үшін репрессияға ұшыраған.

Еске сала кетейік, «Қазақфильм» студиясының «Аманат» картинасы 2016 жылдың 19 мамырында прокатқа шыққан болатын.  Сюжет бойынша – үш желі мен үш кейіпкер – Кенесары, Ермұхан және Рамазан – әрқайсысы ойды өздігінен жеткізгісі келеді. Сатыбалды Нарымбетовтің айтуына қарағанда, сценаристердің жобасы бойынша, өтпелі желі – әр кейіпкердің ұлттың бостандығы мен тәуелсіздігіне деген мұраты. Басты кейіпкерлер Халиманың рөлін Қарлығаш Мұхамеджанова, Ермұхан Бекмахановтың рөлін Берік Айтжанов сомдаған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz