Ағылшын премьер-лигасы Қазақстанға қайта оралады!

Setanta Sports компаниясы Setanta Қазақстан телеарнасының іске қосылатындығы туралы қуана отырып хабарлайды, онда алдағы үш маусымның ішінде ең әйгілі футбол чемпионатының – Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) матчтары таратылады.

3
Ағылшын Премьер-лигасы

Биылғы жылдың тамыз айында қазақстандық футбол әуесқойлары өзінің сүйікті хабарын – Англия чемпионатын көре алмай қалды. Жанкүйерлердің көңілін түсірген алаңдаушылықты байқай отырып, сондай-ақ нарықтағы жағдайды зерттей келе, Setanta Sports алдағы үш маусымға – 2016/17, 2017/18 және 2018/19 жылдарға АПЛ матчтарын тарату ұқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдады. Қазақстандық телекөрермендер үздік ағылшын клубтарының матчтарын толық көлемде көре алуы үшін, Setanta Sports буынының жаңа телеарнасы – Setanta Қазақстан телеарнасы іске қосылады, оның эфирге шығуы қыркүйектің аяғында жоспраланып отыр.

Setanta Қазақстан телеарнасының көмегімен жанкүйерлер еліміздің үздік комментаторларының сүйемелдеуімен АПЛ-дың әр турының барлық жекпе-жегін көру мүмкіндігіне қол жеткізеді – таратылым қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ көрермендерді турдың шолулары мен превьюлер, талдаушылық және тақырыптамалық бағдарламалар күтеді.

Телеарна кабельдік, жерсеріктік, IPTV-желілерде және мобильді желілерде таратылады – өз операторыңыздан Setanta Қазақстан арнасын сұраңыз!

«Setanta Қазақстан ағылшын футболының жанкүйерлеріне әлемнің үздік лигасына ең толық қол жеткізуді ұсынады, — дейді Setanta Sports бас директоры Дуайр Маккофли.
— Қазақстан үшін АПЛ тарату құқығын сатып алуы Setanta Sports компаниясын телевизия нарығындағы 1-ші жайғасымға көтерді. Сіз Setanta Sports компаниясының үш арнасында матчтардағы әлемнің үздік футболшыларының үздік командалар үшін ойынын – бүкіл маусым бойы, әр апта сайын бақылай аласыз. Енді Setanta Sports пакетінде үздік чемпионаттардың барлығы бар және біз АПЛ-ды Қазақстан телеэкрандарына қайтара алғанымызға қуаныштымыз».

Қазіргі сәтте Setanta Sports Испания, Италия, Германия, Франция чемпионаттарын, Англия кубогының, Ағылшын лигасы кубогының матчтарын, ӘЧ-2018 іріктеу кездесулерін, сондай-ақ ҰХЛ, UFC, «Формула-1», бокс және регби чемпионаттарын тарататынын айта кеткен жөн.

Алдағы демалыс күндері отандық телекөрермендер Ағылшын Премьер-лигасының келесі матчтарын тамашалай алады: 

30 қыркүйек, жұма

01:00  ЭВЕРТОН – КРИСТАЛ ПЭЛАС 

1 қазан, сенбі

17:30  СУОНСИ – ЛИВЕРПУЛЬ
20:00  ХАЛЛ – ЧЕЛСИ 

2 қазан, жексенбі

17:00   МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД – СТОК СИТИ
19:15   ТОТТЕНХЭМ – МАНЧЕСТЕР СИТИ
21:30   БЕРНЛИ – АРСЕНАЛ

Setanta Sports туралы

Setanta Sports – 1990 жылы негізі қаланған, штаб-пәтері Дублинде орналасқан халықаралық телехабар тарату компаниясы. Setanta Sports Еуропа, Солтүстік Америка, Африка және Азия елдерінде спорттық жарыстарды таратады. 2012 жылдың қаңтар айында премиум сыныбындағы Setanta Sports Eurasia арнасы іске қосылды, ол үздік турнирлерді Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова, Беларусь, Түркменстан, Армения, Өзбекстан, Грузия және Тәжікстан аумағында тарату құқығын иемденеді. Арна аптасына жеті күн, тәулік бойы хабар таратады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Аноним

керемет испаниянын чемпионатында косып койса кушти болар еди

Азамат

Жақсы жаңалық бірақ айтылған ойындар демалыс күні программада жазылмаған кезекті алдайма

Мирас

Ла лиганы көрсетпей ме оданда

wpDiscuz