Астанадағы Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессорларына арнап тұрғын үй салады

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессорларына арнап 12 қабатты тұрғын үй салады. Бұл туралы бүгін Астанада университеттің жас мамандары мен докторанттарына, магистранттарына қызметтік баспана тапсыру салтанатында университет ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді.

Дереккөз: BAQ.kz
0
Баспана жаңа пәтер
Көрнекі сурет ©Ержан Жаубай

Бүгін Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агро-техникалық университетінің жас мамандары баспаналы болды.

«Бүгін біздің университетімізде көптен күткен мереке! Соңғы 30 жылда алғаш рет ұстаздарымызға қызметтік пәтер беріп отырмыз. Елорданың ең төрінен, жас Астанамыздың көрікті жерлерінің бірінен жас мамандарымызға баспана сыйладық» — деді университет ректоры Ақылбек Күрішбаев мамандарына пәтір кілтін тапсыру салтанатында.

Баспаналы болған жастардың барлығы да «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елдерде білімдерін жетілдіріп келген докторанттар мен магистранттар.

«Кезінде осы баспаналарды салу үшін Астананың төрінен қала әкімдігі 1 гектар жер берген болатын. Ол кезде Иманғали Нұрғалиұлы әкім еді. Әкімшілікке үлкен алғысымызды білдіреміз! Міне ұстаздарымызға арнап 5 қабатты үш үйді салдық. Дегенмен тағы бір үй салатын орын бар. Сол жерге өзіміздің оқу орнында жұмыс істейтін профессорларымызға арнап арнайы баспана салатын боламыз. 12 қабаттан тұратын бұл үй Астананың көркіне сән береріне сенімдіміз» — деді Ақылбек Күрішбаев.

 

 

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz