Андрей Аршавин: «Қазыны жиі жеймін, бірақ беcбармақ ұнамады»

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин «Спорт день за днем» басылымына берген сұхбатында қазіргі клубы туралы, Қазақстандағы өмірі жайлы, сондай-ақ, еліміздегі басты футбол жекпе-жегін сөз етті.

Дереккөз: Спорт
8
Андрей Аршавин Қайрат

— Андрей, Қазақстан футболға қаншалықты жақын ел?

— Қазақстан ба? Халық матчтарға барып тұрады, бірақ көп емес (күліп). Сонда да, Алматыда футболды өте қатты жақсы көреді.

— Алматылық «Қайрат» сапында кеңес кезінде Құрбан Бердыев ойнады. Қалада, клубта оны ұмытпады ма? Құрбан Бекийұлы Чемпиондар лигасында тарихын қалыптастырып жатқан «Ростовты» бақылап жүре ме?

— Әрине, бақылайды. Менің білуімше, клубтың бақылау кеңесінің басшысы Қайрат Боранбаев Құрбан Бердыевпен араласып тұрады. Ол Түркменияда туса да, Алматы, жалпы Қазақстан Бердыевты өз адамындай көреді.

— Қазақстан чемпионатында екі айқын гранд бар — «Қайрат» пен «Астана». Олардың арасындағы матчты «Спартак» — ЦСКА немесе «Спартак» — «Зенит»дербиімен салыстыруға бола ма?

— Сенесіз бе, матч алдындағы қызбалық деңгейін айтар болсақ, қос команда өзара кездесуді солай қабылдайды. Жалпы, футбол деңгейін алар болсақ, әрине, ресейлік дерби қазақстандық чемпионаттағы көшбасшылардың кездесуінен әлдеқайда жоғары.

— Тұрғылықты жағдайды айтар болсақ, Алматыда өзіңізді қалай сезінесіз?

— Тамаша! Маған достарым көмектесті, сондықтан ешқандай қиындық көрген жоқпын.

— Қазақ асханасынан сүйікті тағамыңыз бар ма?

— Қазір қазыны көп жеймін, бұл асты бұрын онша жақсы көрмейтін едім. Жалпы, мен жылқының етін әр түрлі тәсілмен жей беремін. Ал бесбармақ, шынымды айтсам, ұнаған жоқ. Қасында Өзбекстан жақын болса да, Қазақстанда палауды дұрыс дайындай алмайды (күліп). Қалай дегенде де, Алматыда өткізген уақытымда Өзбекстандағыдай дәмді палауларды жасайтын жерді кездестірген жоқпын.

— Сізге «Грассхоппер» немесе «Базельден» ұсыныс түссе, Қазақстанды Швейцарияға алмастырар ма едіңіз?

— Қайдам. Орысша сөйлемейтін елге көшкім келмейді. Бұл тұрғыда Қазақстанда Ресейде жүргендей боламын. Сондықтан, мында бәрі ыңғайлы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Аноним

унамаса жемесеи досым

Аноним

Иттің ішіне сары май жапқпайды

Аноним

жемесе кара кан жесин ким оган казы бесбармак берген иттин ишине сарымай жакпайды деген го ол карны ток бала да аш болса богын жер.

Аноним

дурыс айтасындар онбаган орыс екен

Аноним

қойыңдар ,ұнамаған тағамды сендер де жемейсіңдер ғой

Аноним

сало жеп журе берсей

Аноним

Ооо сасыған шошканы жеген кəпір. Біздің тагамымызды жамандап унамайды деп кояды гой как будто аузына біреу тыккандай сөйлейді ғой.

Аноним

Орысша сөйлемейтін елге бармайм деп кояды, бұл онбағанды кім шақырды Қазақстанға? Бұл кім өзі? Қайдан шыққан дəу? Шымкентке келсе қалай қазақша сөйлеп кеткенін білмей қалады ғой.

wpDiscuz