Қазақстанда барлық фильмді қазақ тіліне аудару міндеттелуі мүмкін

Қазақ тіліне аударма дубляждау немесе кадр сыртындағы аударма мен субтитр қолдану арқылы жүзеге асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дереккөз: tengrinews.kz
1
Кинотеатр

Мәжілістегі жұмыс тобы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастырып жатыр.

«Заңның бұл нормасы 2012 жылдан бері бар, бірақ жұмыс істемейді, себебі фильмді дубляждау қаражатты қажет ететін қызмет. Сондықтан біздің нарықта кейбір фильмдер ғана дубляждалады, ал көбісі қазақ тіліне аударылмайды. Ал бұл азаматтардың қазақ тіліне қатысты құқығын шектейді. Кадр сыртындағы аударма дубляждауға қарағанда әлдеқайда арзан, бұл осы заңның нормасын орындауға мүмкіндік береді», дейді депутат Шаймардан Нұрымов.

Салыстыру кестесіне сәйкес заң жобасын «Қазақстан территориясына прокатқа шығару мақсатында жеткізілетін барлық фильмнің 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кадр сыртындағы аудармасы немесе субтитрлер түріндегі аудармасы болуы тиіс немесе қазақ тіліне дубляждалуы керек. Фильмдердің прокатының тілі «Телерадиотаратылым туралы» заңға сәйкес анықталады» деген тармақпен толықтыру ұсынылады.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
Мақсат

Әрине осылай болуы керек. кадр сыртындағы дыбыстау болсада сапасына баса мән беру керек!!!

wpDiscuz