Қазақстандық алты жасар каратэші әлем чемпионы болды

Мумбайда өткен жарыстан 28 жастағы Жанбота Тәшенова мен 6 жасар Джаноб Гафуров жүлделі оралды.

Дереккөз: otyrar.kz
0
Джаноб Гафуров

22-25 қыркүйек аралығында Үндістанның Мумбай қаласында карате-до шотоканнан XVIII Әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 1500 спортшысы қатысты. Қазақстан құрамасынан 17 адам барды.

Нәтижесінде қазақстандық алты жасар  Джаноб Гафуров әлем чемпионы атанды. Олар Шымкентке бүгін түнде оралды.

Спортшылардың айтуынша, аталмыш әлемдік турнир қазақстандық спортшылар үшін жемісті болды. Жалпы алғанда, шығыс жекпе-жегінің 15 шебері 22 алтын медаль еншілеп қайтты. Ол туралы: «Өте ауыр болды. Үш айдың көлемінде күндіз-түні дайындалдық», — деді Жанбота Тәшенова.

Джаноб Гафуров
Джаноб Гафуров ата-анасымен

Ал, алты жасар әлем чемпионы Джанобтың ата-анасы ұлдарының жетістігіне қатты қуанды:

«Біз ұлымызды мақтан тұтамыз! Ол Үндістандағы жарыста еліміздің абыройын асқақтатты! Алдағы уақытта да жеңіс тұғыранан түспейтініне сенеміз. Ол Қазақстанның туын барлық жерде биік көтеретін болады!»,-деді олар.

Әлем жеңімпаздары енді қараша айында Францияда өтетін халықаралық турнирге дайындалатын болады.

Джаноб Гафуров

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz