Ольга Рыпаковаға Бейжің Олимпиадасының медалі табысталады

Іnside The Games басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAFF) 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында үш қарғып секіруден үшінші орынға ие болған грек спортшысы Хрисопия Деветциді қола медальдан айыру туралы шешім шығарды. Ал қола жүлде Бейжің Олимпиадасында төртінші орын алған Ольга Рыпаковаға табысталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Vesti.kz сайытна сілтеме жасап.

Дереккөз: baq.kz
0
Ольга Рыпакова

2009 жылы грек атлеті допинг тексерістен өтуден бас тартып, спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген. Тексерістен бас тартқаны үшін ол екі жылдық дискфалификациямен жазаланды. Енді, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы оған қатысты жаңа шешім қабылдады. Оған сәйкес, 40 жастағы Деветциге 2019 жылға дейінгі жарыстарға қатысуға болмайды. Сондай-ақ оның 2007-2009 жылдары аралығындағы барлық спорттық нәтижелері жойылды.

Осылайша, Лондон Олимпиадасының чемпионы, Рио-Олимпиадасының қол жүлдегері, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакованың қоржынына тағы бір медаль қосылып отыр. Себебі Бейжің Олимпиадасында ол үш қарғып секіруден төртінші орынға табан тіреген болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Өз пікіріңізді қосыңыз

avatar
wpDiscuz